GSK құпиялылық мәлімдемесі
10 желтоқсан, 2014 жылы жаңартылған
Бұл құпиялылық мәлімдемесі GSK компаниясының берілетін ақпаратты қалай пайдаланатынын және қорғайтынын сипаттайды. Біз сіздің құпиялылығыңызды құрметтейміз және жеке ақпаратыңызды қорғауға ниеттенеміз. Құпиялылық мәлімдемесі сіздің деректеріңізді жинау, өңдеу, пайдалану және ашу әдістерін түсіндіреді және біздің қауіпсіздік тәжірибелерімізді сипаттайды.
Бізге жеке ақпаратыңызды беру арқылы сіз оны осы Құпиялылық мәлімдемесінде көрсетілгендей тасымалдауға, өңдеуге, пайдалануға және ашуға келісесіз және рұқсат бересіз.
Вебсайттар операторлары немесе мобильдік қолданбалар (және жиналған кез келген ТАА басқаратын GSK субъектісі) туралы ақпаратты вебсайттардың төменгі колонтитулында және/немесе байланыс бетінде және мобильдік қолданбалардың лицензиялық келісімінде табуға болады.
Біз нені жинаймыз
Біз сізден алынатын, сізді жеке тұлға ретінде анықтайтын тұлғаны анықтау ақпаратын (ТАА) жинаймыз. Бұл деректерді сіздің ондай ақпаратты сұрауымызбен келіскен кезде ғана жинаймыз. Бұл ТАА келесі деректеріңізді қамтуы мүмкін:
- атыңыз
- мекенжайыңыз
- телефон нөміріңіз
- электрондық пошта мекенжайыңыз
Сіздің ТАА қалай пайдаланамыз
Өзіңіздің ТАА беру арқылы сіз жергілікті заң рұқсат еткен жағдайда немесе бізден бұндай хабаларды алуға келіскен жағдайда келесі ақпаратты пайдалануымызбен келісесіз:
- сіздің сұрауларыңызға жауап беру
- қызмет көрсету деңгейімізді жақсарту
- біздің хабарларымыздың мазмұнын жақсарту
- сізге кеңестер, пайдалы ақпарат, өнім туралы жаңалықтар мен жаңартулар беру
- сізге жаңа өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы хабарлау
- біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы көзқарастарыңызды білу
- сіздің жұмысқа алу өтініміңізді қарастыру
- өзіміздің жеке әкімшілік және сапаны қамтамасыз ету мақсаттарымызда
- вебсайтта немесе мобильдік қолданбада сипатталатын басқа да мақсаттарда
Вебсайтты және мобильдік қолданбаны пайдалану туралы ақпарат
Біз сондай-ақ автоматты түде сіздің компьютеріңіздегі браузер түрі және операциялық жүйе, біздің сайтқа кіру алдында және кейін кірген вебсайттар, стандартты сервер журналының ақпараты, интернет протоколының (IP) мекенжайлары, GPS орын деректерін, ұялы телефон қызметінің провайдері және ұялы телефонның операциялық жүйесі туралы ақпаратты жинаймыз. Біз бұл ақпаратты сіздің кірушілеріңіздің вебсайтымызды және мобильдік қолданбаларымызды қалай пайдаланатындығын түсіру үшін топтастырамыз, осылайша біз оларды және ұсынатын қызметтерімізді жақсарта аламыз. GPS орын деректері әдетте жеке пайдаланушыларды анықтамайды. Біз сондай-ақ осы топтастырылған ақпаратты GSK тобындағы компаниялармен және басқа да тараптармен бөлісе аламыз. Бұл ақпарат келесілерді қамтиды:
- біздің вебсайттарымыз бен мобильдік қолданбаларымызға кіру әрекеттерінің жалпы саны
- біздің вебсайттарымыз бен мобильдік қолданбаларымыдың әрбір бетіне кірушілер саны
- кірушілеріміздің интернет провайдерлерінің домен атаулары.
Сіздің ТАА-ңызды қалай қорғаймыз
GSK компаниясы сіздің қолданылатын құпиялылық және деректер қауіпсіздігі заңдарына сәйкес келетін жеке ақпаратыңызды қорғау үшін тиісті заңды, ұйымдық және техникалық шаралар қолданады. GSK үшінші тарап провайдерін пайдаланған кезде, ол провайдер мұқият түрде таңдалады және жеке ақпараттың құпиялылығын және қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануы талап етіледі. Сіздің ТАА рұқсатсыз қатынасудан, пайдаланудан немесе ашылудан қорғауда көмектесу үшін түрлі қауіпсіздік технологияларын қолданамыз. Өкінішке орай, ақпаратты интернет немесе ұялы телефон байланысы арқылы тасымалдау толығымен қауіпсіз емес. Біз сіздің ТАА қорғау үшін қолымыздан келгенді жасасақ та, біздің вебсайтымызға немесе мобильдік қолданбаларымызға жіберілетін ТАА қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз: кез келген тасымалдау өз тәуекеліңізде болады. Біз деректердің жоғалуы, дұрыс пайдаланылмауы және өзгертілуінің орын алмауына кепілдік бере алмасақ та, біз ақпаратыңызды қабылдағаннан кейін ондай сәтсіз жағдайлардың алдын алу үшін тиісті техникалық қауіпсіздік шараларын қолданамыз.
ТАА-ны үшінші тараптармен бөлісу
Біз сіздің ТАА-ны келісіміңізді берген әрекеттерді жеткізу мақсатындағы қалыпты іс процесінде еншілес компанияларымызбен, мердігерлерімізбен және агенттерімізбен бөлісуіміз мүмкін. Вебсайтта немесе мобильдік қолданбада басқаша көрсетілмеген болса, сайт бизнесі немесе оның бөлігі және сонымен байланысты тұтынушы деректері сатылған, иелікке берілген немесе тасымалданған жағдайдағы ТАА-ңыздың басқа тарапқа жіберілуін қоспағанда, біз ТАА-ны басқа тараптарға сатпаймыз немесе жалға бермейміз. Кейде біз вебсайттарымызға, мобильдік қолданбаларымызға байланысты немесе қалыпты іс процесінде қолдау қызметтерін қамтамасыз ету үшін таңдаулы үшінші тараптарды пайдаланамыз. Ол тараптар бізге сол қызметті көрсету мүмкіндігіне ие болуы үшін белгілі мезгілдерде сіздің ақпаратыңызға қатынасуы мүмкін. Біз бұндай қолдау қызметтерін көрсететін компаниялардың өзіміздікімен бірдей деректерді қорғау стандарттарына сай болуын талап етеміз. Олардың ақпаратты өз мақсаттарында пайдалануына тыйым салынады. Нақтылай келсек, біз қызмет жеткізушілеріне сіздің ТАА-ңызды өздерінің маркетинг шараларында қолдануына рұқсат бермейміз.
Сіздің ТАА-ны басқаларға қандай жағдайларда аша аламыз
GSK компаниясы сіз туралы жеке деректерді, соның ішінде электрондық пошта мекенжайыңызды, мемлекеттік органдарға есеп беру үшін, төрағалық ететін сот немесе трибунал рұқсаты бойынша тиісті соттық іс қарауларындағы тараптарға және басқа да себептермен қолданылатын заң талап еткен немесе ерекше рұқсат берген шамада ашу құқығын сақтайды. Жергілікті заң рұқсат ететін нақты арнайы жағдайларда біз сіздің ТАА-ңызды келесідей аша аламыз:
- сізге немесе басқа да жолмен GSK компаниясының, осы вебсайттың не мобильдік қолданбаның басқа да пайдаланушыларының құқықтарына, мүлкіне немесе операцияларына зиян тигізетін немесе кедергі болатын және де адамдардың бұндай әрекеттерден зардап шегуіне жауапты тұлғаны анықтау, байланысу немесе оған қарсы сот ісін қозғау үшін бұл ақпаратты ашудың қажет болғандығына күмәніміз болмаған жағдайда
- заңның оны қажет еткендігіне сенген кезде немесе қылмыстық тергеуге байланысты немесе азаматтық не әкімшілік органдардың қарастырып жатқан азаматтық ісіне немесе әкімшілік тергеуіне байланысты қандай да бір заң шығарушы органның талабына сәйкес
- өнімдер желісін немесе бөлімін сату, қосып алу, біріктіру, активтерді сату немесе ықтималдығы аз банкроттық сияқты күрделі корпоративтік транзакцияға байланысты.
Жиналған ТАА ақпараты сіз орналасқан елде немесе GSK (оның еншілес компанияларын қосқанда), мердігерлер немесе агенттер объектілерге қызмет көрсететін басқа да елдерге, соның ішінде Америка Құрама Штаттарына және Еуропалық Экономикалық Аймақтан (ЕЭА) тыс елдерге тасымалдануы, сақталуы және өңделуі мүмкін. Ол ақпаратыңыздың деректерді қорғау стандарттары сіз орналасқан елдегіден төменірек мемлекеттерде өңделуі мүмкін болатындығын білдіреді. Біздің вебсайттар мен мобильдік қолданбаларымызды пайдалану арқылы сіз ақпаратты орналасқан еліңізден тыс және ЕЭА-дан тыс жерге тасымалдауға, өңдеуге және сақтауға рұқсат бересіз. Ақпаратыңыз сіз орналасқан елден тыс жерге тасымалданған жағдайда біз оның осы Құпиялылық саясатына сәйкес түрде қаралуын қамтамасыз етеміз.
IP мекенжайларын пайдалану
IP мекенжайы сіз интернет қызметі провайдеріне кірген кезде немесе ұйымыңыздың жергілікті желісі (LAN) немесе кең желі (WAN) арқылы компьютеріңізге автоматты түрде тағайындалатын сандар жинағы болып табылады. Веб-серверлер сіздің онлайн сеансыңыздың барысында компьютеріңізді оған тағайындалған IP мекенжайы арқылы автоматты түрде анықтайды.
GSK немесе біздің атымыздан әрекет ететін үшінші тараптар жүйе әкімшілігі мақсаттарында және вебсайттардың пайдаланылуын бақылау үшін IP мекенжайларын жинауы мүмкін. Біз сондай-ақ вебсайтты пайдалану шарттарына сай болуға мәжбүрлеу немесе қызметімізді, вебсайттарымызды немесе басқа пайдаланушыларды қорғауымыз қажет деп санаған жағдайда вебсайттарымыздың пайдаланушыларын анықтау үшін IP мекенжайларын пайдалануымыз мүмкін.
Cookie файлдары
Біздің вебсайттар мен мобильдік қолданбаларымыз «cookie» деп аталатын технологияны қолданады. Cookie – сервердің қатты дискіңізге салатын шағын мәтін файлы болып табылады. Cookie файлдары біздің вебсайттарымыз бен мобильдік қолданбаларымызға сізге жеке түрде жауап беруге мүмкіндік береді. Вебсайт пен мобильдік қолданба сіздің қалауларыңыз туралы ақпаратты жинау арқылы өзінің операцияларын сіздің қажеттіліктеріңізге, ұнататын және ұнатпайтын нәрселеріңізге сай үйлестіре алады. Мысалға, біздің серверіміз вебсайтымызға кірген кезде құпия сөзді бірнеше рет енгізу қажеттігінен босататын cookie файлын орнатуы мүмкін.
Cookie файлдарын қабылдауды немесе олардан бас тартуды таңдай аласыз. Веб-браузерлердің көбі cookie файлдарын қабылдайды, бірақ сіз әдетте браузеріңіздің параметрін cookie файлдарынан бас тартатындай немесе, қаласаңыз, cookie файлын сақтау алдында ескерту жасайтындай етіп өзгертуіңізге болады. Бұл функциялар арқылы қосымша мәлімет алу және cookie параметрлерін орнату үшін интернет браузеріңіздің нұсқауларын немесе анықтама экранын қараңыз.
Егер cookie файлдарынан бас тартуды қаласаңыз, сіз вебсайттарымыздың немесе кіретін басқа да вебсайттардың интерактивті мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алмауыңыз мүмкін. Cookie файлдарын пайдалану жайлы қосымша ақпарат алу үшін біздің ғаламдық Cookie саясатын қарап шығыңыз.
Сыртқы көздерден алынатын ақпарат
Жергілікті заң рұқсат еткен жағдайларда біз сонымен қатар өзіміздің пайдаланушы дерекқорларымызға қосу үшін үшінші тараптардан заңды түрде алынған ақпаратты жинауымыз мүмкін. Бұндай ақпараттың кейбірі ТАА болуы мүмкін. Біз оны сізге қызық болуы мүмкін деп санайтын ақпарат ұсыныстары мен жарнамалық науқандарды жақсырақ бағыттау үшін жасаймыз. Бұндай ТАА-ны біз тек бастапқыда субъект тарапынан берілген негізге сай немесе басқа да жолмен заң рұқсат ететін түрде жинаймыз және пайдаланамыз.
Қатынас
Ұзағырақ сақтау уақыты қажет болмаса немесе заң бойынша рұқсат етілген болса, біз ақпаратыңызды осы Құпиялылық мәлімдемесінде көрсетілген мақсаттарды орындау үшін қажетті уақытқа ғана сақтаймыз. Бізге берілген ТАА-ны жаңарту, түзету немесе жоюды сұрату үшін бізге жазбаша түрде кез келген уақытта осы Құпиялылық мәлімдемесінің соңында берілген байланысу ақпараты бойынша хабарласуыңызға болады. Сіздің жергілікті заңдарыңыз сондай-ақ бізге жіберілген ақпаратқа қатынасуыңызға рұқсат беруі мүмкін. Кейбір елдерде біздің бұндай ақпаратты сізге берудегі шығынымыздың орнын толтыру үшін орынды ақы төлеуіңіз қажет болуы мүмкін.
Басқа вебсайттарға сілтемелер
Біздің вебсайттар мен мобильдік қолданбаларымыз нақты уақытта үшінші тарап вебсайттарына сілтеме беруі немесе оларды кірістіруі мүмкін. Бұл Құпиялылық мәлімдемесі ол вебсайттарға қолданылмайды. Егер сіз бұндай сілтеме жасалған сайтқа кіруді таңдасаңыз, сіз ондай вебсайттардың қолжетімділігі үшін жауапты болмайтындығымызбен және келесі жағдайларды қарастырмайтындығымызбен, мақұлдамайтындығымызбен және олар үшін тікелей немесе жанама түрде жауапты болмайтындығымызбен келісесіз:
- бұл вебсайттардың ТАА-ңызға қалай қарайтындығы
- бұндай вебсайттардың мазмұны
- басқалардың бұндай вебсайттардан көретін пайдасы.
Қандай да бір ТАА енгізу алдында сіз қатынасатын әрбір вебсайттың немесе мобильдік қолданбаның заңды және құпиялылық мәлімдемелерін міндетті түрде оқып шығыңыз.
Балалардың вебсайттарымыз бен мобильдік қолданбаларымызды пайдалануы
Ерекше түрде басқаша көрсетілмеген болса, осы Құпиялылық мәлімдемесі пайда болатын вебсайттар мен мобильдік қолданбалар жасы 13-тен төмен балалардың назарын аударуға арналып жасалмаған. Біз бұл вебсайттар мен мобильдік қолданбалар арқылы ондай жас тобындағы кірушілерден ТАА саналы түрде жинамаймыз. Жасы 13-тен төмен балалардың пайдалануына арналған вебсайттар мен мобильдік қолданбаларда біз ТАА-ны тек қана ата-анасының немесе қамқоршының рұқсатымен жинаймыз.
Өзгерістер
Біз бұл Құпиялылық мәлімдемесін кейде жаңартуымыз мүмкін. Егер біз енгізетін өзгерістер маңызды болса, біз сондай-ақ вебсайттарымыз бен мобильдік қолданбаларымыздағы өзгерістерге және тиісті лицензиялық келісімдерге қатысты хабарландыру жариялауымыз мүмкін. Біздің жиналатын ТАА-ны қорғауда қалай көмектесетіндігіміз туралы хабардар болу үшін осы Құпиялылық мәлімдемесін кейде оқып тұруға шақырамыз. Біздің вебсайттарымыз бен мобильдік қолданбаларымызды пайдалануды жалғастыру сіздің Құпиялылық мәлімдемесімен және қандай да бір жаңартулармен келісетіндігіңізді білдіреді. Осы Құпиялылық мәлімдемесінің кейінгі өзгерістері ол орын алғанға дейін жиналған деректерге қолданылмайды.
Осы Құпиялылық мәлімдемесі соңғы рет 10 желтоқсан, 2014 жылы жаңартылды.
Бізге хабарласыңыз
«GSK», «біз» және «біздің» деген сілтемелер GlaxoSmithKline PLC және оның еншілес компанияларына сілтеме болып табылады. Осы Құпиялылық мәлімдемесіне қатысты кез келген сұрақтарыңызды, түсініктемелеріңізді және сұрауларыңызды төмендегі байланысу ақпаратын пайдаланып жіберіңіз. Егер бізге хабарлассаңыз, сіз кірген вебсайттардың атауын және сізбен қалай байланысу қажеттігін көрсетіңіз.
GSK компаниясына Ұлыбританияда хабарласу үшін 0808-234-6680 нөміріне қоңырау шалыңыз.
GSK компаниясына Америка Құрама Штаттарында хабарласу үшін 1-866-475-3844 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Басқа GSK кеңселерінің байланыс ақпаратын келесі вебсайттан таба аласыз: http://www.gsk.com/en-gb/contact-us/worldwide/.